​Балабақшаларға 40 мыңнан астам бейнекамера орнатылды

0
1 376

ҚР Білім жəне ғылым министрі Ерлан Сағадиев 3600 балабақшаға немесе 48 пайызына 40 мыңнан астам камера орнатылғанын айтты.


​Балабақшаларға 40 мыңнан астам бейнекамера орнатылды

ERNUR.KZ. ҚР Білім жəне ғылым министрі Ерлан Сағадиев 3600 балабақшаға немесе 48 пайызына 40 мыңнан астам камера орнатылғанын айтты, деп жазады Baq.kz.

«Балалардың өмірін қорғау мақсатында 3600 балабақшаға немесе 48 пайызына 40 мыңнан астам камера орнатылған. Президенттің тапсырмасына сəйкес жергілікті əкімдіктер 2 жылдың ішінде барлық балабақшаны бейнекамерамен қамтамасыз етуі тиіс. Өзіміздің жол картамыз бар. Оны бəріне жеткіздік», - деді Сағадиев Сенаттағы жиында.

Министрдің айтуынша, Елбасының қаңтардағы Жолдауында балаларды ерте дамыту үшін бірыңғай стандарт бағдарлама енгізу тапсырмасы берілген.

«Біз тапсырманы орындау үшін балаларды ерте дамытудың халықаралық тəжірибесіне талдау жасадық. Соның нəтижесінде көптеген жұмыс атқарылды», - деді Ерлан Сағадиев.

Бұған дейін министр еліміздің 30-ға жуық қаласында балабақшаға кезекке тұру автоматтандырылғанын айтқан.