Балаға берілетін жәрдемақы – 2022: Кімге, қалай және қанша төленеді?

0
2 716

​2022 жылы айлық есептік көрсеткіш 3 063 теңгеге дейін өседі.


Балаға берілетін жәрдемақы – 2022: Кімге, қалай және қанша төленеді?

ERNUR.KZ. 2022 жылы айлық есептік көрсеткіш 3 063 теңгеге дейін өседі. Осыған байланысты қазақстандық аналардың жәрдемақысы мен жөргекпұл мөлшері де артады деп жазады sputnik.kz

Бала туғанда берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы республикалық бюджет есебінен жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін әйелдерге төленеді.

- бірінші, екінші, үшінші балаға – 38 АЕК немесе 116 394 теңге;

- төртінші және одан кейінгі балаларға – 63 АЕК немесе 192 969 теңге.

Ал отбасында егіз, үшем, төртем дүниеге келсе, біржолғы мемлекеттік жәрдемақы әр сәбиге жеке төленеді.

Бала күтіміне байланысты ай сайынғы жәрдемақы бұл жәрдемақы балаға қарайтын және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспаған жұмыс істемейтін әйелдер мен ерлерге тағайындалады. Бала күтіміне байланысты ай сайынғы жәрдемақы сәби бір жасқа толық толғанға дейін төленеді.

- бірінші балаға – 5,76 АЕК немесе 17 643 теңге;

- екінші балаға – 6,81 АЕК немесе 20 859 теңге;

- үшінші балаға – 7,85 АЕК немесе 24 044 теңге;

- төртінші және одан кейінгі балаларға – 8,90 АЕК немесе 27 261 теңге.

Декретке дейін жұмыс істеген әйелдердің бала күтіміне байланысты алатын ай сайынғы әлеуметтік төлемі бөлек. Ол былай есептеледі: соңғы 2 жыл ішіндегі жалпы табысты 24 айға бөліп, мемлекет бекіткен 0,4 коэффициентке көбейтіп, одан шыққан сомадан 10% зейнетақы жарнасын алып тастау керек.