Балаларым қарапайым мектепте оқитын болады - министр Саясат Нұрбек

0
616

2022 жылдың маусым айында журналистер Саясат Нұрбектен балаларының неге Кипрде оқитынын сұраған.


Балаларым қарапайым мектепте оқитын болады - министр Саясат Нұрбек

ERNUR.KZ. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек балаларының Қазақстанға оралғанын және олардың қарапайым мектепте оқитынын айтты, деп жазады tengrinews.kz.

"Олар қазір Қазақстанға келді. Елде қарапайым мектепте оқитын болады. Құжаттарды тапсырамыз, түрлі нұсқаларды қарастырамыз", - деді министр.

2022 жылдың маусым айында журналистер Саясат Нұрбектен балаларының неге Кипрде оқитынын сұраған.

"Олар Қазақстанға қайтып келеді. Мен сізге олардың осында екендігі туралы егжей-тегжейлі фоторепортаж беремін. Мен оларды асыға күтемін. Кипрде оқуының себептері бар. Біріншіден, бұл менің әйелім мен балаларымның денсаулығына байланысты. Нақты проблемалар бар. Екіншіден, өкінішке қарай, оларды осында, жекеменшік мектептерде қаржылық тұрғыдан оқыта алмадым", - деді Саясат Нұрбек.