Балқаш көлінде екі адам құтқарылды

0
636

Серфинг тақтасындағы екі адам жағадан алыс жүзіп, өздігінен орала алмаған.


Балқаш көлінде екі адам құтқарылды

ERNUR.KZ. Қарағанды облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Елжет Аймағамбетов пен Нұржан Жүзмахановтың жедел әрекеттерінің арқасында екі адам құтқарылды, деп жазады inbusiness.kz.

Оқиға Балқаш көліндегі Приозерск қаласынан оңтүстікке қарай 8 км жерде орналасқан "ЛОК Балқаш" санаторийінің ауданында орын алды. Денсаулықтарына зиян келмеді.

Қарағанды облысының ТЖД азаматтарды су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Бірінші кезекте:

  • тыйым салынған жерлерде шомылуға;
  • жеке құтқару құралдарынсыз жүзу құралдарында болуға;
  • суға кіріп, алкогольдік және есірткілік мас күйінде шомылу;
  • қайықтардан, айлақтардан, сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан суға секіру;
  • тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде суға сүңгуге;
  • жүзу шекараларын белгілейтін қалқымалардан тыс жүзуге;
  • жүзуге арналмаған заттармен жүзуге;
  • ересектердің сүйемелдеуінсіз балалардың суға кіруіне;
  • дауыл туралы ескерту алған кезде суда болуға және шомылуға тыйым салынады.