Балқаш тұрғыны кәмелетке толмаған қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген

0
712

Қарағанды облысында 22 жастағы Балқаш тұрғыны ұсталды.


Балқаш тұрғыны кәмелетке толмаған қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген

ERNUR.KZ. Бұл туралы ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов ІІМ-нің дәстүрлі брифингінде айтты, деп жазады baq.kz.

"Қарағанды облысында 22 жастағы Балқаш тұрғыны ұсталды. Ол 3 апта бойы тәуелділік пен айла арқылы кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Ол қызды жалға беретін пәтерлерде қызмет көрсетуге күштеген. Оқиға бойынша 134-бап бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді ол.
Нұрмағамбетов атап өткендей, Атырау облысында да осыған ұқсас жағдай тіркелген.
Шымкент қаласының тұрғыны 22 жастағы Түркістан қаласының тұрғынын 4 ай бойы жезөкшелікпен айналысуға күштеген. Күдікті жәбірленушінің жеке мәліметтерін интернетте жариялап, интимдік қызмет атқаратыны туралы хабарландыру жариялаған, - деді ол.
Нұрмағамбетов жәбір көргендердің барлығына әлеуметтік психологиялық қызмет көрсетілетінін айтты.