Балқашта апат салдарынан ондаған үй жылусыз қалды

0
1 192

10 техника мен 25 адам жұмылдырылған.


Балқашта апат салдарынан ондаған үй жылусыз қалды

көрнекілік үшін сурет ашық дереккөзден алынды

ERNUR.KZ. Балқашта апат салдарынан ондаған үй жылусыз қалды. Әкімдік Апатқа жылу желілерінің тозуы себеп болғанын хабарлады, деп жазады zakon.kz.

Балқашта 10 желтоқсанға қараған түні жылу желілеріндегі апат салдарынан 40-тан астам үй жылусыз қалды.

"9 желтоқсанда сағат 22:55-те Абай және Әбуғалиев көшелерінің қиылысында диаметрі 630 мм құбырдың жарылуы салдарынан Желтоқсан, Бейбітшілік, Сейфуллин, Абай, Макаренко, Молдағұлова көшелеріндегі тұрғын үйлерде жылу беру азайды. Апатқа қаланың жылу желілерінің тозуы (75%) себеп болды, даладағы ауа температурасы -15°С. Анықталған фактілерді жою үшін КГП, ҚСК, ТЖ, қала әкімшілігінің қатысуымен жедел штаб құрылды", - делінген хабарламада.

Әкімдік қаладағы барлық коммуналдық қызмет күшейтілген жұмыс режиміне көшіріліп, 10 техника мен 25 адам жұмылдырылғанын хабарлады. Көпқабатты тұрғын үйлердің ішкі желілерінің қатып қалмауы үшін оның 12-сінде суды ағызып тастаған, 33 үйге тіреу жұмыстары жүргізілді. Кейін әкімдік құбырдағы жылу желілерін жөндеу жұмыстары сәтті аяқталғанын хабарлады.

"Магистраль іске қосылды, жылу беру қалпына келтіріліп жатыр", - деп хабарлады әкімдік.