Балқашта өзінің иті қауып алған ер адам жансақтау бөліміне түсті

0
464

Аталған оқиға жеке үйлердің бірінде болған. Қазіргі таңда иттің иесі жансақтау бөлімінде жатыр.


Балқашта өзінің иті қауып алған ер адам жансақтау бөліміне түсті

ERNUR.KZ. Балқаш қаласында ит өзінің иесін қауып алды. Бұл туралы Instagram желісіндегі «Патриот Караганды» ресми парақшасы хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.

Аталған оқиға жеке үйлердің бірінде болған. Қазіргі таңда иттің иесі жансақтау бөлімінде жатыр.

«Таңертеңгісін иттің қожайыны телефон шалып, өзіне шабуылдағанын айтты. Ол өз үйінде тығылып, сыртқа шығуға қорқып отырған. Ол ветеринар мамандардан көмек сұрап, итті ұйықтатып тастауын өтінді. Біздің қызметкерлер дереу қол ұшын созды», - дейді қалалық ветеринариялық станция басшысы Ардақ Аманқұлов.

Дәрігерлер жараны таңып берген. Бірақ ит иесінің жүрегі нашарлап, жансақтау бөліміне жатқызылды. Ер адамның жағдайы орташа-ауыр деп бағалануда.

Ветеринарлар итті тексеруден өткізіп, одан құтырманың немесе басқа да аурулардың белгісін таппаған.