Балқашта полиция 9 қабатты үйдің шатырынан секірмек болған бойжеткенді құтқарып қалды

0
448

Құтқарылған 21 жастағы қыз осыдан үш күн бұрын өзге өңірге жұмысқа кеткен жігітімен телефон арқылы ұрсысып қалған.


Балқашта полиция 9 қабатты үйдің шатырынан секірмек болған бойжеткенді құтқарып қалды

Балқашта полиция қызметкерлері 9 қабатты үйдің шатырынан секірмек болған бойжеткенді құтқарып қалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 13 наурыз күні сағат 19:30 шамасында болған. Балқаш қалалық полиция бөліміне қаладағы көпқабатты үйдің шатырынан бір қыз секірмек болып тұрғаны туралы хабарлама түседі.

«Өзімізге берілген аумақта қызмет атқарып жүргенімізде кезекші бөлімнен оқиға бойынша хабарлама алдық. Тез арада аталған мекен жайға келдік. 9 қабатты үйдің шатырының шетінде отырған қыз баланы көрдік. Дәлізге кіріп, бірден жоғарыға көтерілдік. 9-қабатқа көтерілгенімізде шатырға шығатын есік ашық болды. Әріптесіміз екеуіміз екі жақтан білдіртпей барып, ойға шомылып отырған қызды бірден өзімізге қарай тартып алдық. Кейін оқиға орнына жедел тергеу тобын шақырдық. Әрі қарай біз қоғамдық қауіпсіздікті қадағалауға кеттік», – деді инспектор Ұлан Неспібай.

Құтқарылған 21 жастағы қыз осыдан үш күн бұрын өзге өңірге жұмысқа кеткен жігітімен телефон арқылы ұрсысып қалған. Осы ұрыстан кейін жігіт бойжеткенмен байланысқа шықпаған. Осыған қатты күйзелген қыз 9 қабатты үйдің төбесіне шығып отырған.