Бас прокуратура сайлау науқаны кезінде қандай заң бұзылғанын айтты

0
1 263

Сонымен бірге кандидаттарды және партиялық тізімдерді тіркеу аяқталғанға дейін үгіт жүргізуге салынған тыйымды бұзудың 5 фактісі анықталған.


Бас прокуратура сайлау науқаны кезінде қандай заң бұзылғанын айтты

ERNUR.KZ. Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев ОСК отырысында сайлау науқаны кезінде қандай заң бұзылғаны туралы айтты, деп жазады Zakon.kz.

"Бүгінгі таңда сайлау бойынша қоғамдық пікірге сауалнама жүргізудің, сондай-ақ сайлау алдындағы үгітті жүргізудің белгіленген тәртібі мен шарттарын сақтамаумен ұштасқан бірқатар бұзушылықтар тіркелді. Олардың сауалнама жүргізуге қатысты біреуі елордада болды. Кінәлі адамға Астананың "Сарыарқа" ауданы прокурорының қаулысымен қысқартылған іс жүргізу тәртібінде Әкімшілік құқық бұзылушылық туралы кодексің 120-бабының 3-бөлігі бойынша 7,5 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды".Жандос Өмірәлиев

Сонымен бірге кандидаттарды және партиялық тізімдерді тіркеу аяқталғанға дейін үгіт жүргізуге салынған тыйымды бұзудың 5 фактісі анықталған.

"Біреуі бойынша Талдықорған қаласының тұрғыны WhatsApp мессенджерінде үгіт жүргізгені үшін сот қаулысымен ӘҚБтК-нің 102-бабы бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тартылды. Қалғандары бойынша кінәлілерді осы баппен жауаптылыққа тарту жөніндегі шаралар қабылданып жатыр".Жандос Өмірәлиев


Бас прокурордың орынбасары сонымен бірге Әкімшілік құқық бұзушылық турал кодексің 102, 112 және 122-баптары бойынша кандидаттардың, саяси партиялардың және олардың сенім білдірілген адамдарына айыппұлмен қоса, олардың тіркеуі туралы шешімнің күшін жоятынын ескертті.

Сайлау құқықтарына қатысты осы және басқа да әкімшілік істерді қозғау прокурордың айрықша құзыретіне жатады. Ал істерді соттар қарайды.

Бұл ретте азаматтар өздерінің сайлау құқығы бұзылған жағдайда өз бетінше тікелей сотқа да жүгіне алады.

Мұндай жағдайда аталған істерді прокурордың қатысуымен соттар міндетті түрде қарайды.

Сайлау алдындағы үгіт-насихат бүгін — 18 ақпанда сағат 18:00-де басталып, 18 наурыз күні сағат 00:00-ге дейін жалғасады.