​Бас прокурордың аға көмекшісі мен тергеуші жазықсыз адамдарды соттаған

0
1 675

Судья сотталушыға адвокат тағайындау қажет деп шешті.


​Бас прокурордың аға көмекшісі мен тергеуші жазықсыз адамдарды соттаған

ҚР бас прокурорының аға көмекшісі Құралбек Рахметов пен Алматы ішкі істер департаменті тергеушісі Михаил Решетовке қатысты қылмыстық істің бастапқы тыңдауы басталды, деп хабарлайды, ERNUR.KZ. sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

Рахметов пен Решетовтың қылмыстық ісі "Жазықсыз тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке тарту" және "Жалған ақпарат тарату" баптары бойынша тергелген.

Ер адамдарға айғақтар жеткіліксіз болғанына қарамастан, 25 тұлғаны заңсыз жауапқа тартты деген күдік келтірілген.

Тергеу анықтағандай: Рахметовке қанша рет айғақтардың жоқтығы айтылған, бұдан бұрын қылмыс құрамы болмағандықтан құқық қорғау, фискалды органдар қызметкерлері және басқа да тұлғаларға қатысты істі тоқтату туралы шешім қабылданды.

Сотта Рахметовтың адвокаты жоқ екені анықталды. Ол заңгер екенін айтып, өз-өзін қорғауға дайынмын дегенімен, судья сотталушыға адвокат тағайындау қажет деп шешті.