Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне жаңа басшы тағайындалды

0
687

бұған дейін Серік Жұманғарин осы қызметтен босатылып, премьер-министрдің орынбасары - сауда және интеграция министрінің міндеттерін атқарушы болып тағайындалған болатын.


Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне жаңа басшы тағайындалды

Марат Омаров Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

"Марат Талғатұлы Омаров Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылсын", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Серік Жұманғарин осы қызметтен босатылып, премьер-министрдің орынбасары - сауда және интеграция министрінің міндеттерін атқарушы болып тағайындалған болатын.