Басы дауға қалған вайнер Мейіржан Төребаевтың қазіргі жағдайы белгілі болды

0
465

Блогердің әйелі Дана Есеева күйеуінің көптің көзіне көрінбей жүруінің себебін түсіндірді.


Басы дауға қалған вайнер Мейіржан Төребаевтың қазіргі жағдайы белгілі болды

ERNUR.KZ. Қаржы пирамидасына қатысы бар деп айыпталып, қапастан шыққан танымал вайнер Мейіржан Төребаевтың көпшілік алдына шақпауының себебі белгілі болды, деп жазады stan.kz.

Блогердің әйелі Дана Есеева күйеуінің көптің көзіне көрінбей жүруінің себебін түсіндірді.

“Мейіржанды қашан көреміз? Күйеуіңізді неге көрсетпейсіз?” деген оқырман сауалына ол: “Әлеуметтік желіге шығуға уақытша рұқсат бермей жатыр”, – деп жауап берді. Ол Мейіржанның жағдайын сұраған жандарға алғысын білдіріп, қазіргі уақытта күйеуінің фильмге сценарий жазып жатқанын айтып қалды. Блогер күйеуі түрмеден оралған соң екеуінің арақатынасы өзгергенін, бір-біріне деген сезімі бұрынғыдан да нығая түскенін жеткізді.

Дана Есеева Мейіржан мен оның тоқалына қатысты қауесетке нүкте қойды. Оқырманның: “Күйеуіңіздің тоқалы бар деп естідім. Оған қоса сіз бұл туралы біледі екенсіз. Осы рас па?” деген сұрағына блогер: “Тоқалы бар болса маған тауып беріңіздерші, өтініш. Үй күтушісі керек еді”, – деп әзілмен жауап қатты.

“Өз көзіңізбен көрмеген соң ондай сөздерге сеніп қажеті жоқ. Қазір өсек пен қаңқу сөздің заманы. Көреалмаушылықтан адамды қаралау қалыпты дүниеге айналды. Мұның өзіне сабақ боп тиетінін түсінетін адамдар аз”, – дейді Дана.