Бата беру сайысында Павлодарлық ақсақал жеңіске жетіп, 500 мың теңге жүлдеге ие болды

0
721

Сайысқа аймақтардан 20 ақсақал қатысқан.


Бата беру сайысында Павлодарлық ақсақал жеңіске жетіп, 500 мың теңге жүлдеге ие болды

ERNUR.KZ. Елорданың бас мешітінде бата беруден ақсақалдар арасында республикалық жарыс өтті, деп жазады Stan.kz.

Павлодар облысынан келген ақсақал сайыста топ жарып 500 мың теңге жүлдеге ие болды

Сайысқа аймақтардан 20 ақсақал қатысқан.

Қазылар алқасы бата мәтіннің ұлттық дәстүрге сәйкестігін ғана емес, сонымен қатар дауыс тембрін, киімі мен байқауға қатысушылардың қосымша сұрақтарға толық жауап беруін де назарға алды.

Байқаудың барлық кезеңдерінде шешендігімен және сөз сөйлеу өнерімен ҚР-ның мәдениет қайраткері, Баянауыл облысының құрметті азаматы Балтабай Сыздықов үздік атанды.

Ол қазақтың "Бәсір" салтын айтып, "Жаңа ай" батасын берді.

"Бұл салт отбасында ұл баланың дүниеге келуімен байланысты. Бұл күні нәрестеге құлын немесе түйе беріледі", - деп түсіндірді ақсақал.

Байқауға қатысушылардың барлығы сыйлықтарға ие болып, жеңімпазға 500 мың теңге табыс етілді.