Баталовтың жүргізушісі заңсыз иемденіп алған пәтерін мемлекетке қайтарып берді

0
442

Бұған дейін премьер-министр жаңа оқу жылына балаларын дайындап жатқан ата-аналарды қуантқанын жазғанбыз.


Баталовтың жүргізушісі заңсыз иемденіп алған пәтерін мемлекетке қайтарып берді

ERNUR.KZ. Бірнеше жыл Алматы облысының әкімі болған Амандық Баталовтың көлік жүргізушісі заңсыз жолмен Талдықорғандағы мемлекеттік пәтерді иемденіп алғаны анықталды, деп жазады Экспресс К.

Талдықорғанда мұқтаж азаматтарға арналып салынған пәтерлерді заңсыз иемденіп алғандардың арасында мемлекеттік қызметкерлер мен құқық қорғау органдарының өкілдері де болған. Жақында комиссия осының ақ-қарасын анықтаған. Солардың арасында Амандық Баталовтың көлік жүргізушісі де бар болып шықты.

"Оған Талдықорғанның сегізінші шағын ауданынан қызметтік баспана берілді. Пәтер бір бөлмелі. Жүргізушінің заңсыз алғаны анықталып, пәтер тұрғын үй-коммуналдық қорына қайтарылды", - деді қала әкімінің баспасөз хатшысы Мәди Шәкенов.

Бүгінгі таңда Талдықорғанда заңсыз алынған 30-дан астам пәтер мемлекет меншігіне қайтарылды. Тізімде қазіргі және бұрынғы шенеуніктер де бар.

Бұған дейін премьер-министр жаңа оқу жылына балаларын дайындап жатқан ата-аналарды қуантқанын жазғанбыз.