Батыс Қазақстан облысында қыздар төбелесті

0
730

Төбелестің салдарынан 20 жастағы бойжеткен 34 жастағы әйелге дене жарақатын салған.


Батыс Қазақстан облысында қыздар төбелесті

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында түнгі клубтың жанында ішімдікке тойып алған қыздар төбелесті, деп жазады sputnik.kz.

Полицияның айтуынша, екеуі де түнгі клубқа мас болып келген.

Оқиға Ақсай қаласында 30 қазан күні сағат 03.50-де түнгі клубтың аумағында болған. Төбелестің салдарынан 20 жастағы бойжеткен 34 жастағы әйелге дене жарақатын салған. Дәрігерлердің айтуынша, жәбірленушінің сол қолының артқы терісі сыдырылған, тексеруден кейін жарақат алған әйел үйіне қайтарылды.
Аталған факті бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-бөлігі "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.