Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 13 адам өндірістік жарақат алды

0
572

Жазатайым оқиғаларға жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігін сақтамауы себеп болған.


Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 13 адам өндірістік жарақат алды

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 13 адам өндірістік жарақат алды, деп жазады Azattyq Rýhy.

Еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Асылұлан Досжанов 20 арнайы тергеу жүргізілгенін, оның 13-і өндіріске байланысты екенін айтты. Жалпы 13 жұмысшы зардап шеккен, оның 12-сі ауыр жарақат алса, бір адам қайтыс болды.

Жазатайым оқиғаларға жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігін сақтамауы себеп болған.

«Барлық жазатайым оқиға қандай да бір техногендік сипатқа ие емес, тек жұмыс беруші тарапынан бақылаудың болмауы, қызметкерлердің қауіпсіздік техникасын сақтамауы, жеке қорғаныс құралдарымен және арнайы киіммен қамтамасыз етілмеуі сияқты адами факторлармен қатар жүреді», - деп атап өтті Асылұлан Досжанов.