​Батыс Қазақстанға отты шар құлады

0
2 628

Отты шардың құлағанын жергілікті тұрғындар көрген.


​Батыс Қазақстанға отты шар құлады

фото: ҚазАқпарат

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысы аумағына 5 шілдеге қараған түні шар тәріздес металл бөлшегі құлады, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап.

Отты шардың құлағанын жергілікті тұрғындар көрген. Белгісіз нысан Жалпақтал-Қарасу жолынан 300 метрдей жерге, Жұлдыз ауылы маңына түскен.

Қазталов ауданы әкімінің орынбасары Нұретдин Құтқожин аудан аумағына металл бөлшегінің түскенін растады. Оқиға орын алған бойда өрт сөндіру қызметкерлері дер кезінде жетіп, тиісті шараларды алды. Адам немесе мал шығыны жоқ. Металл түскен жерге жақын елді мекен 16 шақырым қашықтықта орналасқан.

«Қазіргі кезде облыс орталығынан келген төтенше жағдайлар мен экология мамандарынан құралған арнайы комиссия оқиға болған жерге келіп, жұмыс жасауда. Алдағы уақытта анықталғаннан кейін қосымша мәлімет берілетін болады», - деді Нұретдин Құтқожин.

Облыстық ТЖ департаментінен алынған мәліметке қарағанда, сағат 01.15-те Қазталов ауданы Қарасу ауылдық округіне қарасты Ақмай маңында 47 га, Ыбырайда 48 га жерде құрғақ шөптің жанып жатқаны жөнінде хабар түскен. Шөптің жануы сағат 04.00-де сөндірілген. Оқиға орнында 1 техника мен жеке құрамнан 4 және ерікті өрт жасағынан 10 адам жұмыс жасады.