Bek Air апатынан зардап шеккендер қатарында режиссер Талғат Теменовтің ұлы бар

0
764

Ол басқа да зардап шеккендермен бірге Алматы қалалық №4 клиникалық ауруханасына жеткізілді


Bek Air апатынан зардап шеккендер қатарында режиссер Талғат Теменовтің ұлы бар

ERNUR.KZ. Бүгін таңертең Алматы маңында болған әуе апаты 12 адамның өмірін алып кетті. Көпшілік Bek Air ұшағының құлауынан қаза тапқандардың жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтуда. Ал зардап шеккендер арасында белгілі режиссер әрі актер Талғат Теменовтің ұлы да бар, деп жазды KAZ.NUR.KZ.

Алматыда 12 адамның өмірін қиған ұшақ апаты ешбір қазақстандықты бей-жай қалдырмады. Ел халқы әуе апатынан мерт болған жандардың жақындарына көңіл айтып, қайғысына ортақтасуда.

Төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендер де аз емес. Олардың қатарында актер, белгілі сценарист, актер әрі режиссер Талғат Теменовтің ұлы Айбар Теменов та бар.

Айбар басқа да зардап шеккендермен бірге Алматы қалалық №4 клиникалық ауруханасына жеткізілді. Актер 1999 жылы отандық "Үш ағайынды" фильміндегі рөлімен танымал.

Ал әкесі Талғат Досымғалиұлы Теменов-белгілі актер, театр және кино режиссері, педагог, сценарист және профессор. 1999 жылы ол Қазақстан Халық әртісі атанды. Қалибек Қуанышбаев атындағы академиялық қазақ музыкалық драма театрының көркем жетекшісі.