Бекболат Тілеухан жаңа қызметке тағайындалды

0
791

Мәжіліс депутат Бекболат Тілеуханның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты.


Бекболат Тілеухан жаңа қызметке тағайындалды

ERNUR.KZ. Парламент Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеуханның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп жазады inbusiness.kz.

"Бекболат Қанайұлы өз еркімен жұмыстан босату туралы өтініш берді. Соған байланысты ұсыныс енгізіп отырмыз", – деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов Мәжілістің жалпы отырысында. Депутаттар дауыс беріп, қаулы қабылдады. "Бекболат Қанайұлын баршасы жақсы біледі. Оны білмейтін қазақ жоқ десек, артық болмайды. Оол саясатта болсын, қоғамдық жұмыста болсын, өнерде болсын үлкен үлес қосып келе жатқан абыройлы азаматтарымыздың бірі. Бірнеше шақырылым Мәжіліс депутаты болды", - деді Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматуллин.

Оның айтуынша, Бекболат Тілеухан Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясының бірінші вице-президенті болып тағайындалды.