Бетіндегі әжімін тартқызбақ болған алматылық әйел комаға түсіп қалды

0
1 460

Өзі де білікті дәрігер болып жұмыс жасайтын келіншек отаның ақшасын несиеге алған


Бетіндегі әжімін тартқызбақ болған алматылық әйел комаға түсіп қалды

ERNUR.KZ. Алматыдағы сұлулық клиникаларының бірінде бетіндегі әжімін тартқызбақ болған 48 жастағы әйел комаға түсіп қалды. 2 жарым ай бойы ес-түссіз жатқан Гүлнар Айнақұлова өзі де дәрігер болып істейтін екен. Бірақ, қомақты ақша төлеп, бетінің әжімін тартқызбақшы болған әйелдің жағдайы ота жасалғаннан кейін бірден нашарлаған, деп жазады Stan.kz.

Ал, оның комада жатқанына екі жарым ай болса да, оған ота жасаған косметолгтар әлі жауапқа тартылмаған. Бүгінде аурухана төсегінде ес-түссіз жатқан Гүлнар Айнақұлова бетіндегі әжімін ғана тартқызбаған екен. Ол иегіндегі майды да алдыртқысы келіпті. Бірақ, иегіндегі майды алып жатқанда беті мен тамағы ісініп, науқас есінен танып, құлап қалған.

Бір қызығы, дәрігерлер бірден жедел жәрдем шақыруға асықпапты. Отадан соң жағдайы күрт нашарлаған әйел ертесі де оянбағандықтан, сұлулық клиникасының мамандары жедел жәрдем қызметін шақырып, науқасты дәрігерлерге тапсырған. Ал ота жасатқан әйел есінен танып қалғанда, оның туыстарынан ешқандай шағым түсірмеуін жалынып сұраған мамандар енді оларға пысқырып та қарамай отырған көрінеді.

«Әпкем ес-түссіз ауыр жағдайда жатса, Оксана Молицкаяның клиникасы оның емі үшін ешқандай ақша төлемейміз деп отыр. Отаны жасаған солар емес пе. Енді не істерімізді білмейміз. Әпкеме отаны солар жасағандықтан, неге Молицкаяның клиникасы қолымен жасағандарын мойнымен көтермейді? Бұл жағдайға жауапты адамдарды жазаға тартуларын талап етемін»,- дейді Айнақұлованың сіңлісі Гүлзада Айнақұлова.

Ал, отаның жасалғанына екі жарым ай өтсе де, ота жасатқан әйел әлі өзіне келмеген. Жақында көзін ашқанымен, бірақ тіл қатпайды, тіпті туыстарын да танымайды. Дәрігерлердің айтуынша, науқас ауыр аналитикалық шок алған.

Екі жарым ай бойы комада жатқан Айнақұлованың өзі жоғары білікті санитар-эпидемиолог. Ол бетіне отаны анау-мынау емес, Алматыдағы ең қымбат клиникалардың бірінде жасатқан және ол рәсім үшін клиникаға 760 мың теңге ақшасын да төлеп қойған. Бірақ, ақша төленгенге дейін клиенттің асты-үстіне түскен сұлулық клиникасының косметологтары енді Айнақұлова туралы естігілері келмей, есігіне де жуытпай отыр.

Ал әпкесінің тілеуін тілеп, зар илеген сіңлісі енді қайтерін білмей дал болуда. Ол жеке меншік клиниканың үстінен полицияға арыз жазса да, бірақ полицейлер дені сау адамды комадан бір-ақ шығарған косметологтарды жауапқа тартуға асықпайтын көрінеді. Бір өкініштісі, Айнақұлова бетінің әжімін тартқызу үшін төлеген ақшаны несиеге алған екен. Онысы науқас комаға түскелі төленбеген, ал бакнтегілер ақшаны төлеңдер деп, қарызды қайтаруларын талап етуде.