Билеп жүрген прокурорлардың видеосы: Тергеу қорытындысы жарияланды

0
534

Kozachkov offside Telegram-каналында билеп жүрген прокурорлардың видеосы тараған еді.


Билеп жүрген прокурорлардың видеосы: Тергеу қорытындысы жарияланды

ERNUR.KZ. Бас прокуратура өкілдері өскемендік құқық қорғау органдары қызметкерлерінің билеп жүргені түсірілген видеоны зерттеп, қызметтік тергеу қорытындысын жариялады, деп жазады Tengrinews.kz.

"Бұл видеоның 2019 жылдың қыркүйегінде Өскемендегі кафелердің бірінде, яғни карантин енгізілгенге дейін түсірілгені анықталды және видео қызметтік емес смартфонға түсірілген", - деді прокуратурадағылар.

Еске салайық, мұның алдында Kozachkov offside Telegram-каналында билеп жүрген прокурорлардың видеосы тараған еді.

"Өскемендік прокурорлар жақсы жұмыс істейді, жақсы демалады! Тек сұрақ: бұл карантинде болған жоқ па?"- деп сұраған еді жазба авторы.