Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 13 адам қайтыс болды

0
2 298

Бір тәулікте 82 адамға пневмония диагнозы қойылды.


Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 13 адам қайтыс болды

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 13 адам қайтыс болды. Оның ішінде, 11 науқас COVID-19 ауруынан, екі емделуші коронавирус белгілері бар пневмониядан көз жұмды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Денсаулық сақтау министрлігінің 4 ақпандағы мәліметі бойынша, бүгінгі күні 27 886 адам коронавирусқа қарсы ем алып жатыр. Оның ішінде, 5 799 науқас стационарларда, 22 087 азамат амбулаториялық деңгейде емделуде, деп хабарлады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.
COVID-19 пен пневмония жұқтырғандардың ішінде:
259 науқас ауыр жағдайда;
57 науқас аса ауыр жағдайда;
53 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
2021 жылдың 3 ақпанында коронавирус белгілері бар пневмония ауруының 82 жағдайы тіркелген. Жалпы 253 адам жазылды.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап 48 087 науқас тіркелсе, 573 адам осы инфекциядан көз жұмған, барлығы 36 482 адам сауығып шықты.