Бірінші сынып оқушысы зорланды: «Мәриям» мектебінен бірқатар бұзушылық анықталды

0
745

Министрлік өкілдері қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүріп жатқанын, оның қорытындысы бойынша шаралар қабылданатынын атап өтті.


Бірінші сынып оқушысы зорланды: «Мәриям» мектебінен бірқатар бұзушылық анықталды

ERNUR.KZ. ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев пен Балалар құқықтары жөніндегі штаттан тыс кеңесші Раиса Шер «Мәриям» жекеменшік ұйымында оқитын 1-сынып оқушысына қатысты мән-жайларды зерттеу үшін Алматыға келіп, мектепті тексерді, деп жазады zakon.kz.

Құрылған комиссияның тексеру нәтижесі бойынша оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде (бейнебақылауды қамтамасыз ету бойынша тиісті талаптарды сақтамау), қажетті санитарлық-гигиеналық талаптарды құруда (сыныпта жарықтың нашарлығы, желдету жүйесінің болмауы және т.б.) бірқатар бұзушылық анықталды.ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті

Министрлік өкілдері қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүріп жатқанын, оның қорытындысы бойынша шаралар қабылданатынын атап өтті.

Сондай-ақ олар зорлық көрген оқушының да отбасына барды. Комитет қызметкерлерінің айтуынша, балаға психологиялық көмек көрсетіліп жатыр.

Еске салсақ, қазір қалалық полиция департаменті осы жайтқа қатысты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, зорлық-зомбылық әрекеттерінің жасалғанын анықтау үшін сараптама тағайындалды.