Бірінші сыныпқа құжат қабылдау 1 сәуірде басталады

0
484

Құжат қабылдау 1 тамызға дейін жалғасады.


Бірінші сыныпқа құжат қабылдау 1 сәуірде басталады

ERNUR.KZ. Қарағанды облысының білім басқармасының ақпараты бойынша, жаңа оқу жылында өңірде 17 200-ге жуық бірінші сынып оқушылары мектеп табалдырығын аттайды деп күтілуде, деп жазады inbusiness.kz.

Өтініштерді қабылдау eGov.kz электрондық үкімет порталы арқылы электрондық форматта және "е-Білімал" жүйесі арқылы жүргізіледі.

Ол үшін келесі құжаттар қажет:

  • ата-аналардың (немесе оларды алмастыратын адамдардың)өтініші;
  • баланың денсаулық жағдайы туралы құжаттар (баланың денсаулық паспорты № 026 / у-3, № 063/у нысаны бойынша Медициналық анықтама);
  • 3х4 екі фотосурет.