Бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды

0
669


Бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін, 7 қазанда Павлодарда, Риддерде, Семейде, Өскеменде, сондай-ақ Астанада ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Қазгидромет" мамандары бүгін, 7 қазанда Павлодарда, Риддерде, Семейде, Өскеменде, сондай-ақ Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдай сақталатынын болжады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – атмосфералық ауаның беткі қабатында ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық факторлардың қысқа мерзімді ерекше жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.