Біртановқа қатысты сот үкімі шықты

0
543

Елжан Біртановқа бұған дейін санавиацияның бортын заңсыз пайдалану бойынша таңылған айып бойынша судья оны ақтап шығарды.


Біртановқа қатысты сот үкімі шықты

ERNUR.KZ. Бүгін елордада бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен оның орынбасары болған Олжас Әбішевтің ісіне қатысты сот шешімі жарияланды, деп жазады baq.kz.

Біртановты Қылмыстық кодекстің 3-тармақ 4-бөлім 361-бабында қарастырылған қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танып және бес жылға бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындалсын, - деп атап өтті үкімді оқыған судья Әлкенов.

Елжан Біртановқа бұған дейін санавиацияның бортын заңсыз пайдалану бойынша таңылған айып бойынша судья оны ақтап шығарды.

Елжан Біртанов пен бұрынғы Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевке хорватиялық Ericsson Nicola Tesla компаниясы әзірлеген Денсаулық сақтау министрлігінің Ақпараттандыру платформасын қабылдау және пайдалануға беру арқылы лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген айып тағылған болатын.