Бишімбаев соты: Байжановтың жауабынан кейін тергеу изоляторында тексеріс басталды

0
332

Тексеруді Астана қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті жүргізеді.


Бишімбаев соты: Байжановтың жауабынан кейін тергеу изоляторында тексеріс басталды

ERNUR.KZ. Астанада Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот отырысында сотталушы Бақытжан Байжанов мәлімдеме жасағаннан кейін қызметтік тексеріс басталды, деп жазады sputnik.kz.

Байжанов құқық қорғаушы Бауыржан Мусин оған түнгі уақытта тергеу изоляторына бірнеше рет келгенін айтты. Сотталушының айтуынша, кезекті келуінде оның жанында іс бойынша басты айыпталушы Қуандық Бишімбаев болған.
Комитет Мусиннің "Біз азаптауға қарсымыз" қоғамдық бірлестігінің мүшесі екенін хабарлады.
"Ұйым өз қызметін екіжақты меморандум аясында жүзеге асырады. Дегенмен ұйым мүшелерінің қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі адам құқықтарына мониторингі мекеме қызметкерлерінің бірге ілесуімен және жұмыс уақытында орындалады", - деді комитеттегілер.
Тексеруді Астана қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті жүргізеді.