​Бишімбаевтың коттеджі балансымызға әлі берілген жоқ - Қосшы әкімдігі

0
1 010

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың коттеджі мемлекет есебіне тәркіленген болатын.


​Бишімбаевтың коттеджі балансымызға әлі берілген жоқ - Қосшы әкімдігі

ERNUR.KZ.Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың коттеджі мемлекет есебіне тәркіленген болатын. Алдағы уақытта оны Ақмола облысы Қосшы әкімдігінің балансына тапсыру жоспарланып отыр. Бір жылдан бері VIP-коттедж бос тұр, деп жазады ҚазАқпарат.

Қосшы әкімінің міндетін атқарушы Сұлтан Орақбаевтың айтуынша, аталған құрылыс нысаны жергіліктің биліктің балансына әлі берілген жоқ.

«Коттедж әлі толығымен берілген жоқ. Анау болады, мынау болады деп, дәл қазір ештеңе айта алмаймыз. Жақын арада беріп қалатын шығар. Айдың аяғына қарай беріледі деп ойлаймыз», - деді Сұлтан Орақбаев ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.

Оның айтуынша, бүгінде Қосшыда мәденит үйі, музыка мектебі сияқты нысандар жоқ. VIP-коттеджді осы мақсатты пайдалану жоспары бар.

«Негізі, сондай мақсатта қолданамыз ба деген ой бар бізде. Бірақ ол нысан әлі толығымен берілмегеннен кейін ештеңе айта алмаймыз. Оны жалғыз мен шешпеймін. Аудан әкімдігімен бірге шешілетін әңгіме ғой», - деп атап көрсетті С.Орақбаев.

Айта кетейік, сотта ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтің ісін қарау кезінде Қосшыдағы коттедж туралы талай рет айтылды. Қ.Бишімбаевтың өзі аталған нысанды әріптестерімен бірге салдым деп мәлімдеген. Екі қабатты коттеджде монша, бассейн, үш жатын орын және терасса бар. Прокурорлық тексерістерге сәйкес, VIP-коттедждің құрылысына 60 млн теңге кетті. Ол Қосшы әкімдігіне қарасты ең қымбат нысан болады.