Бишімбаевтың сотында соққыға жығылған Салтанат Нүкенованың суреті көрсетілді

0
676

​Ұлттық экономиканың экс-министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты соттың бүгінгі отырысы зардап шеккен тараптан жауап алудан басталды.


Бишімбаевтың сотында соққыға жығылған Салтанат Нүкенованың суреті көрсетілді

ERNUR.KZ. Бүгін Қуандық Бишімбаевтың сотында соққыға жығылған Салтанат Нүкенованың суреттері көрсетілді. Оларды сотқа жәбірленушінің ағасы Айтбек Амангелді әкелді, деп жазады tengrinews.kz.

Ұлттық экономиканың экс-министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты соттың бүгінгі отырысы зардап шеккен тараптан жауап алудан басталды. Сотта марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді сөз сөйлеп жатыр. Сотқа Нүкенованың ата-анасы да келген.

Сотта сөз алған Айтбек Амангелді соққыға жығылған Салтанат Нүкенованың суреттерін көрсетті. Оның айтуынша, суретті Салтанаттың өзі жіберген. Бұл кезде ол Бишімбаевпен бірге тұрған.

"Мен телефонымды ашып, телефонымда осындай сипаттағы мына суреттерді көрдім. Мен бұл суреттерді барлығына 20 наурызда болған себеп-салдар әрекеттерінің байланысын түсінуі үшін көрсетіп отырмын. Бұл суреттерді Салтанаттан алдым, ол маған кешкі 22:00-де жіберді", - деді Нүкенованың ағасы.