Бішкек Қазақстанда ұсталған қырғызстандық азаматтар туралы нота тапсырды

0
1 271

Қырғызстан Сыртқы істер министрлігі Қазақстанда ұсталды делінген екі қырғызстандық туралы ақпаратқа байланысты толымды мағлұмат беруін сұрап, Бішкектегі қазақ консулы Ерлан Әбішевке шұғыл нота тапсырған,-деп хабарлайды azattyq.org Қырғызстан СІМ ресми өкілі Айымкан Кулукееваға сілтеме жасап.

Қырғызстан жағы Қазақстанның дипломатиялық өкіліне тапсырған құжатта "Қазақстанда Қырғызстанның екі азаматы ұсталғаны, олардың бірі Жогорку Кенеш (Қырғызстан парламенті – ред.) депутаты екені туралы ақпаратқа қатысты толымды мәлімет" беруін сұраған.

15-16 ақпан күндері ҚР Бас прокуратурасының кеден төңірегіндегі салаларда заңсыз іс-әрекеттерді болдырмау, сондай-ақ мемлекеттік шекара маңындағы аймақтарда контрабандамен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтарға қарсы іс-қимылды күшейту мақсатында Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы қаласында бір уақытта ауқымды арнайы операция өткізу кезінде 29 күдіктінің ұсталғанын хабарлаған болатынбыз. Соң екеуі Қырғыз азаматы болатын.

Бірқатар БАҚ ұсталған қырғызстандықтардың бірі – Жогорку Кенештегі "Кыргызстан" фракиясының мүшесі Дамирбек Асылбек уулу деген ақпарат таратты.