ҚР Бас прокуратурасы қамаудан басқа бұлтартпау шараларын кеңінен қолдануды ұсынады

0
1 258

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасында өткен​ Үйлестіру кеңесінде ​қылмыстық заңнаманы ізгілендіру мәселесі талқыланған жйында айтылды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.​


ҚР Бас прокуратурасы қамаудан басқа бұлтартпау шараларын кеңінен қолдануды ұсынады

фото: prokuror.gov.kz

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасында өткен Үйлестіру кеңесінде қылмыстық заңнаманы ізгілендіру мәселесі талқыланған жиында айтылды, -деп хабарлайды ERNUК.KZ тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Конституциялық Кеңестің төрағасы Қайрат Мәми, Жоғарғы Соттың төрағасы Жақып Асанов, Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Владимир Жұмақанов, Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Талғат Донақов қатысқан үйлестіру кеңесінде бас бостандығынан айыруға баламалы бұлтартпау шараларының қолдану аясын кеңейту мүмкіндіктері қаралды: қылмыс бойынша қоғамдық жұмыстар мен бірқатар экономикалық, лауазымды және мүлікке байланысты қылмыстар бойынша бас бостандығын шектеу түріндегі жазаларды енгізу, сонымен қатар айыппұл мен кепіл мөлшерін азайту.

Кеңес барысында бұлтартпау шарасын қолдану мәселесін қараған кезде күдікті мен айыпталушыны сипаттайтын мән-жайлар жиынтығын, және де жасалған әрекетке сай келуін ескере отырып, жекелей түрде қарау қажеттілігіне құқық қорғау органдарының назарын аударды.

Қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес бұлтартпау шараларын кеңінен және бірыңғай қолдануды қамтамасыз ету мақсатында Бас Прокурор қылмыстық қудалау органдары басшыларының және облыс прокурорларының атына Нұсқау дайындады.