Биыл 150-ге жуық қазақстандық суға батып кеткен

0
600

Оның ішінде 40 адам – кәмелетке толмағандар.


Биыл 150-ге жуық қазақстандық суға батып кеткен

ERNUR.KZ. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасының орынбасары генерал-майор Ұларбек Абыкеев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп жазады baq.kz.

Жыл басынан бері жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан, еліміздің су айдындарында 144 адам суға батып кетті. Оның ішінде 40 адам – кәмелетке толмағандар. Бұл оқиғалар Алматы, Ақмола, Қостанай, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында Астана қаласында тіркелді. Шомылу маусымы басталғаннан бері, яғни 1 маусымнан бастап 117 адам, оның ішінде 34 кәмелеттік жасқа толмаған бала суға батып, қайтыс болды, - деп атап өтті комитет басшысының орынбасары.

Сонымен қатар ол 161 адамды ажалдан арашалауға мүмкіндік болды деп отыр.

Оның ішінде 56 кәмелеттік жасқа толмаған бала құтқарылды, - деп нақтылады Ұларбек Абыкеев.