Биыл Астана күніне орай отшашу болмайды

0
627

Дегенмен қаланың 25 жылдығына орай 100-ден астам іс-шара өткізу жоспарланып отыр.


Биыл Астана күніне орай отшашу болмайды

ERNUR.KZ. Биыл қала күніне орай отшашу болмайды, деп жазады ҚазАқпарат.

Дегенмен қаланың 25 жылдығына орай 100-ден астам іс-шара өткізу жоспарланып отыр.

Оның 90-ға жуығы - елорданың бүкіл тұрғындары мен қонақтары үшін тегін.

Сонымен қатар, мереке күндері бірқатар әлеуметтік нысандардың ашылуы, соның ішінде оқушылар сарайы, дене шынықтыру-сауықтыру кешені, аулалар мен қоғамдық кеңістіктер ашылып, үлескерлерге пәтер кілттері табысталады.