Биыл атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге мемлекеттен 76 млрд теңге жұмсалады

0
474

Табысы төмен отбасыларға төленетін қаржы көлемі биыл 10 млрд теңгеге артты.


Биыл атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге мемлекеттен 76 млрд теңге жұмсалады

ERNUR.KZ. Табысы төмен отбасыларына мемлекеттен берілетін атаулы әлеуметтік көмекке бөлінген қаражат көлемі өсті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

2023 жылы 114,1 мың отбасындағы 598,4 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Осы мақсатқа бюджеттен 57,4 млрд теңге жұмсалған. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі биыл төленетін қаражат көлемін де жариялады.Табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға 1,5 АЕК (5 175 теңге) мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беріледі. 2023 жылы АӘК алушылар қатарынан мектеп жасына дейінгі 186,8 мың балаға 7,2 млрд теңге сомасына қосымша төлем тағайындалды.

Айта кетерлігі, табысы өңірлік ең төмен күнкөріс деңгейінің 70% - нан аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындалады.

Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ Электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады.