Биыл аз қамтылған 13 мың отбасыға пәтер беру жоспарланған

0
576

Былтыр аз қамтылған отбасыларға 11 мың пәтер берілді.


Биыл аз қамтылған 13 мың отбасыға пәтер беру жоспарланған

ERNUR.KZ. 2020 жылы Үкімет 11 мың аз қамтылған отбасыға мемлекет қаражатынан пәтер беріледі, ал екі мың пәтер - демеушілер есебінен беріледі. Бұл туралы Мәжілісте премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев айтты, - деп жазады tengrinews.kz.

"Басты мәселе - қазақстандықтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету. Былтыр Қазақстан тарихында алғаш рет 13 миллион шаршы метр тұрғын үй берілді. Яғни 95 мың отандасымыз баспаналы болды", - деді Сапарбаев.

Оның айтуынша, Үкімет аз қамтылған отбасыларды қолдау мақсатында жұмыстар жүргізіп жатыр.

"Былтыр аз қамтылған отбасыларға 11 мың пәтер берілді. Оның ішінде екі мың пәтер - демеушілер есебінен. Қазір біз 2020 жылы осы көрсеткішті ұлғайтып, 11 мың пәтер - мемлекеттік бюджеттен және екі мың пәтер - демеушілер есебінен беруді көздеп отырмыз", - деді Үкімет басшысының орынбасары.