Биыл "Қазақстан аруы" байқауы өтпейді

0
603

Бұл туралы "Қазақстан аруы" директоры мәлімдеді.


Биыл

ERNUR.KZ. "Қазақстан аруы" ұлттық сұлулық байқауының дирекциясы дәстүрлі шоуды келесі жылға ауыстыру туралы шешім қабылдады, деп жазады Tengrinews.kz.

Биыл тек онлайн форматта өңірлік іріктеу турлары өтетіні айтылады.

"Осындай қиын уақытта финалды ауыстыру туралы шешім қабылдай отырып, біз бар күш-жігерімізді "Сұлулық мейірімділікте" әлеуметтік жобасын дамытуға бағыттауға ниеттіміз. Тек бірлескен күш-жігермен еріктілер қозғалысына, қайырымдылық жобаларына белсенді қатысумен ғана біз көрінбейтін жауды жеңе аламыз", - деді "Қазақстан аруы" директоры Алена Кырбасова.