Биыл шегірткемен күресуге республикалық бюджеттен 2 млрд теңге бөлінді

0
2 431

Биыл зиянкестер 640 мың гектар жерге таралуы мүмкін.


Биыл шегірткемен күресуге республикалық бюджеттен 2 млрд теңге бөлінді

ERNUR.KZ. Қазақстан мен Ресейдің Ауыл шаруашылығы министрліктері шекараға жақын аумақтарында зиянкес шегірткеге қарсы күрес мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп жазады Azattyq Rýhy.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіп кешені мемлекеттік инспекциясы комитетінің төрағасы Алмабек Марс ресейлік әріптестеріне 2020 жылы Қазақстанда шегірткелерді улау жұмыстары 515 мың гектарға жүргізілгенін, ал биыл зиянкестер 640 мың гектар жерге таралуы мүмкін екенін хабарлады.

Шегірткемен күресуге республикалық бюджеттен 2 млрд теңге бөлінді.

Ал, биыл Ресей Федерациясы 590 мың гектарға жуық аумаққа зиянкес шегірткеден қорғану жұмыстарын жүргізеді деген болжам бар.