Биыл тағы 4 шетелдік университеттің филиалы ашылады

0
338

Елімізде шетелдік университеттердің 12 филиалы ашылған.


Биыл тағы 4 шетелдік университеттің филиалы ашылады

ERNUR.KZ. Қазақстанда тағы 4 шетелдік университеттің филиалдары ашылады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Мәжіліс кулуарында айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Биыл Қ.Сәтбаев университетінің базасында Гонконг CityU қалалық университетінің, Алматыда АҚШ-тың Пенсильвания университетінің, Қазақ ұлттық аграрлық университеті жанынан Ташкент ирригация инженерлері институтының және Таразда Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университеті филиалдары ашылады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филиалы Ресейде ашылады. Бұл бағытта алдын ала келісім бар. М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті өз филиалын Өзбекстанның Шыршық қаласында ашады", - деп жауап берді минитср.

Айта кету керек, осыған дейін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің ЖОО-лардағы оқу ақысына қатысты пікір білдіргенін жазған болатынбыз.