Биыл жеті мың қазақстандық елден көшіп кеткен

0
537

Елге көшіп келгендер саны 13 мыңнан асады.


Биыл жеті мың қазақстандық елден көшіп кеткен

ERNUR.KZ. ЕХӘҚМ Көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Ерболат Абулхатин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте көші-қон жайлы айтты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Қазір Қазақстанда 359 пана іздеуші және 327 босқын бар. БҰҰ-ның Босқындар ісі жөніндегі жоғары комиссарының Орталық Азиядағы аймақтық басқармасымен бірлесіп, олардың әлеуметтік жағынан қорғау, жұмыспен қамту мәселесі, медициналық, әлеуметтік көмек көрсету бойынша тиісті өзгерістер әзірленіп жатыр.Қазіргі геосаяси ахуал нәтижесінде биыл көші-қон саласының оң процесі байқалды. 2023 жылы бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша оң процесс – 6 650 адам», - деді Абулхатин.

Ол атағандай, Қазақстаннан шетелге 7 мың адам көшіп кетсе, сол мезгілде шетелден Қазақстанға көшіп келгендер саны – 13 612 адам.

«Көшіп келгердер басым бөлігі – еңбекке қабілетті, жас мамандар.Сондай-ақ ішкі-көші қонға тоқталайын. Жыл басынан бері 400 мыңға жуық адам ішкі көші-қон процесіне қатысты. Оның ішінде 182 мыңнан аса адам өңіраралық қоныс аудару процесіне өз үлесін қосты. Бұл адамдар мегаполистерге, оңтүстіктен солтүстік облыстарға көшіп келді», - деді ол.