Биыл жоғары оқу орындарында оқу үшін 88 мың грант бөлінген

0
921

Магистратураға түсуге 13 мыңнан астам, докторантураға түсуге 1800-ден астам грант бөлінген.


Биыл жоғары оқу орындарында оқу үшін 88 мың грант бөлінген

ERNUR.KZ. Жоғары білім берудің барлық деңгейлері бойынша 2023 - 2024 оқу жылына арналған білім беру гранттарын бөлу тізімі жарияланды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Биыл жоғары оқу орындарында оқу үшін 88 мың грант бөлінген.

Гранттардың басым бөлігі «Инженерлік, өңдеу, құрылыс салалары» білім беру бағдарлама топтарына бөлінді, олардың саны 18 744 грантты құрайды. Ал «Педагогикалық ғылымдарға» – 12 560 грант, «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» саласына – 10 103 грант, «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика» бағытына – 7 388 грант тиесілі.

Сондай-ақ, «Серпін» бағдарламасы арқылы түсушілерге 3 653 грант бөлінген. Жалпы, бакалавриатқа түсу үшін 2023-2024 оқу жылында 73 мыңға жуық грант бөлінді.

Магистратураға түсуге 13 мыңнан астам, докторантураға түсуге 1800-ден астам грант бөлінген.