БҚО-да белгісіз біреулер қарт ерлі-зайыптыны байлап, үйін тонап кеткен

0
500

Қариялардың үйіне бетперде таққан үш адам тонауға түскен.


БҚО-да белгісіз біреулер қарт ерлі-зайыптыны байлап, үйін тонап кеткен

ERNUR.KZ. БҚО-дағы ауылдардың бірінде белгісіз біреулер қарт ерлі-зайыптыны байлап, үйін тонап кетті, деп жазады tengrinews.kz.

Оқиға 1 маусымға қараған түні Бөрлі ауданы Ақбұлақ ауылдық округінде болған. Ақбұлақ ауылындағы жергілікті тұрғындардың айтуынша, зейнеткерлерді түнде байлап, тонап кеткен.

Портал мәліметіне сүйенсек, бетперде таққан үш адам тонауға түскен. Сондай-ақ, Ақбұлақ ауылдық округі әкімі Зәмзәгүл Қалимова қарт ерлі-зайыпты балаларынан бөлек тұратынын айтқан.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, қылмыс әлі ашылмаған.

"Ауылға криминалдық полицияның тәжірибелі қызметкерлері жіберілді. Дерек ҚР ҚК-нің 191-бабы "Тонау" бойынша тіркелді", - делінген хабарламада.