​БҚО-да қызамық ауруынан төрт жасар қыз қайтыс болды

0
996

Онымен бір балабақшаға барып жүрген тағы төрт балақай ауруханада жатыр.


​БҚО-да қызамық ауруынан төрт жасар қыз қайтыс болды

иллюсстрациялық фото: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында қызамық ауруынан төрт жасар қыз қайтыс болды, деп жазады КТК арнасы.

Онымен бір балабақшаға барып жүрген тағы төрт балақай ауруханада жатыр. Оның біреуі жансақтау бөлімінде. Дәрігерлер Тасқала ауданының ауруханасына түскен қыздың ауруы жедел қозып, оны аман алып қалу мүмкін болмады деп отыр.

- 5-і күні кешкі сағат 10-да түседі де, бес сағаттың ішінде жағдайы күрт нашарлап, жүрегі тоқтады. Қайтыс болғаннан кейінгі диагнозы — скарлатина. Өкпенің қабынуы, миокардит, жүректің миокард ісінуі. Қабынғанда сондай диагноз қойылды. Енді гистологтар гистологияға керек анализдерді алды, толық диагноз алды. Оған бір жұмадай уақыт керек, - деді БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерлан Тоқсанов.