БҚО-да мұнай өнімдерін Қазақстаннан заңсыз шығармақ болғандар ұсталды

0
554

Қазақстанда бензин, дизельдік отын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін экспорттауға уақытша шектеу қойылған.


БҚО-да мұнай өнімдерін Қазақстаннан заңсыз шығармақ болғандар ұсталды

ERNUR.KZ. БҚО-да мұнай өнімдерін Қазақстаннан заңсыз шығармақ болғандар ұсталды, деп жазадыSputnik.kz.

"8-11 қазан аралығында Батыс Қазақстан облысындағы "Жайық" теміржол бекетінде ҰҚК шекара қызметі Қазақстан аумағынан мұнай өнімдерін заңсыз шығармақ болғандардың жолын кесті. 20 теміржол цистернасына тиелген жанармайды битумды лактарға арналған еріткіштің деп жасырған", - делінген баспасөз хабарламасында.

Жүк процессуалдық шешім қабылдау үшін Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне тапсырылды.

Қазақстанда бензин, дизельдік отын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін экспорттауға уақытша шектеу қойылған.