Блогерлерге исламды қабылдау үшін ай сайын 9 млн теңгеге дейін ұсынған

0
1 159

Белгілі бір адамдар тобы ай сайын өздерінің діни өмір салтын көрсететін контент жасауды ұсынған.


Блогерлерге исламды қабылдау үшін ай сайын 9 млн теңгеге дейін ұсынған

ERNUR.KZ. Бұл туралы Qamaladin Media медиа агенттігінің негізін қалаушы Абылайхан Қамаладин Arman Abdolla YouTube-каналына берген сұхбатында айтты, деп жазады baq.kz.

Сұхбат барысында Абылайхан Қамаладин қазақстандық блогерлерге исламды насихаттағаны үшін ақша ұсынғандарын айтады.

"Белгілі бір адамдар тобы кей блогерге келіп, ай сайын өздерінің діни өмір салтын көрсететін контент жасауды ұсынады. Бізге де ұсынды. Бас тарттық, - дейді Абылайхан Қамаладин.

Сондай-ақ нәтижесінде өзінің де ислам дінін шынайы түрде қабылдауын талап еткен. Ол үшін блогерлерге ай сайын 10-20 мың доллар төлеп тұруға уәде берген.