Бойжеткен жігіттің көлігін ұрлаймын деп апатқа түсті

0
1 859

Жігіт жақында танысқан қызды кездесуге шақырған.


Бойжеткен жігіттің көлігін ұрлаймын деп апатқа түсті

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында 20 жастағы бойжеткен жігіттің автокөлігін ұрлаймын деп ұсталды, деп жазады inbusiness.kz.

Елордалық полиция департаментінің хабарлауынша, түнгі сағат 02.40 кезінде полиция бөлімшесіне «Тойота Камри 50» автокөлігі ұрланғаны жөнінде хабарлама келіп түседі.

Жәбірленуші жігіттің сөзінше, ол жақында танысқан қызды кездесуге шақырған. Алғашқы кездесуінде-ақ бойжеткен жігітің автокөліктен шыққанын аңдып отырады да сол сәтте көлікті от алдырып, айдап алып кетеді. Бірақ қыз ұзаққа бара алмай, Керей, Жәнібек хандар көшесі мен Ақмешіт көшелерінің қиылысында көлік апатына ұрынады. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері көлікті де, күдіктіні де тапты.

- Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер жоқ. Қазір аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 200-бабы («Автокөлікті заңсыз иелену») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – дейді елордалық полиция департаментінің мамандары.