Боранды күні бұзылған автобустан 69 адам құтқарылды

0
974


Боранды күні бұзылған автобустан 69 адам құтқарылды

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері аязды күні бұзылған автобустан 69 азаматты құтқарып қалды. Бұл туралы NUR.KZ сайтынасілтеме жасаған ERNUR.KZ хабарлайды.

Түркістан облысынан Екатеринбург қаласына жол тартқан "VAN HOOL" қоғамдық көлігі істен шыққан. Автобуста 54 Тәжікстан және Өзбекстан азаматы болған.

Автобусқа жол бойында қызмет атқарып тұрған патрульді полиция қызметкерлері көмектескен. Төтенше жағдайды көрген олар техникалық қызмет көрсететін шеберлер мен қажетті құралдарды тауыпты.

Қоғамдық көлікті жөндеу уақытында барлық жолаушылар арнайы жалданған үйге түнеуге жіберілген.

Ал жолда қалған автобусты үш көлік патрулі кезекпен бақылаған.

Жөндеу жұмыстары аяқталған соң автобус өз бағытына кеткен.

Кәмелетке толмаған жолаушылар аудан орталығына жіберіліп, қонақүйге жатқызылған.

Бөлісу