Браконьерлер вертолетпен қуған сақшыларға ұстатпай кетті (видео)

0
664

Бұл жағдай видеоға түсіп, әлеуметтік желілерде тарап кетіпті.


Браконьерлер вертолетпен қуған сақшыларға ұстатпай кетті (видео)

ERNUR.KZ. Атырау облысында мотоциклмен қашқан браконьерлерді вертолетпен қуған испекторлар олардан қалып қалды, деп жазады Stan.kz.

Бұл жағдай видеоға түсіп, әлеуметтік желілерде тарап кетіпті. Бейнежазбада қашып бара жатқан заң бұзушылар арттарынан қуған вертолеттен қорықпай, келе жатқандығы байқалады. Себебі вертолет олардың соңына да ілесе алмай келе жатқан көрінеді.

Атырау облысының ПД қызметкерлері бұл жағдай жайлы сөз қозғады. Айтуларынша, шынымен де вертолетпен қуған су полициясының сақшылары Еркінқала ауылының жанында браконьерлерді кезіктіріпті. Бірақ оларды сол күйі қолға түсіре алмаған.