Бүгін - Халықаралық медбикелер күні

0
3 571

Елімізде 1 шілдеден бастап 225 мың медицина қызметкерінің жалақысы 30 пайызға көбейеді.


Бүгін - Халықаралық медбикелер күні

ERNUR.KZ. Бүгін - Халықаралық медбикелер күні, деп жазады ҚазАқпарат.

Бұл күнді халықаралық деңгейде атап өту бастамасы 1953 жылы көтерілген болатын. Араға 12 жыл салып, Халықаралық медбикелер күні ресми түрде аталып өтетін болды.

Ал 1974 жылы медбикелердің Халықаралық кеңесі аталған мерекені мамырдың 12-сі күні тойлауды ұйғарды. Себебі бұл күн - медбикелер қызметінің негізін қалаушылардың бірі, танымал Флоренс Найтингелдің туған күні. Ол XX ғасырдың басында консервативті Англияның медицинасын түбегейлі өзгертіп, осы салада медбикелер қызметінің ашылуына себеп болды.

Айта кетейік, Қазақстанда медицина саласының дамуына ерекше көңіл бөлініп келеді. Осы салаға қатысты биылғы жаңалық - елімізде 1 шілдеден бастап 225 мың медицина қызметкерінің жалақысы 30 пайызға көбейеді. Ал бүгінгі таңда шамамен 70 мың теңге көлемінде айлық жалақы алып келген медбикелердің жалақысы 1 шілдеден бастап 100 мың теңгеге жететін болады.