Бүгін 42 500 теңге әлеуметтік төлемге өтініш қабылдау аяқталады

0
659

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2,4 миллионға жуық қазақстандық 42 500 теңге әлеуметтік төлем алған.


Бүгін 42 500 теңге әлеуметтік төлемге өтініш қабылдау аяқталады

Карантин кезінде жұмыссыз қалып, табысынан айырылғандарға берілетін 42 500 теңге мөлшерінде бір реттік әлеуметтік төлем тағайындауға өтініштер қабылдау бүгін аяқталады, деп хабарлайды ERNUR.KZ еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Төлем 2020 жылдың шілдесінде шектеу шараларының енгізілуіне байланысты табысынан айырылған жағдайда мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан тағайындалады.
2,4 миллионға жуық қазақстандық 42 500 теңге әлеуметтік төлем алды. Оның ішінде 2 миллион 384 мың адам тамызда карантиннің ұзартылуына байланысты ең төменгі жалақының жартысы – 21 250 мың теңге мөлшерінде қосымша ақы алды.

"2020 жылдың шілдесінде МӘСҚ-дан бір реттік төлем алған қазақстандықтарға карантинді ұзартуға байланысты қосымша ақы автоматты түрде тағайындалады. Қайта өтініш берудің қажеті жоқ. Алғаш рет өтініш бергендерге төлем 1,5 ең төменгі жалақы мөлшері немесе 63 750 теңге мөлшерінде тағайындалады (42 500 + 21 250 теңге)", - деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Өтініштерді қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.

"1 қыркүйекке дейін, яғни 31 тамыз өтініш қабылдаудың соңғы күні деген сөз", - деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Өтінішті Egov.kz, 42500.enbek.kzпорталдары, telegram-боттар және екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы беруге болады.

42 500 теңгеге кім өтініш бере алады:

  • жалақысы сақталмайтын демалысқа жіберілген жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер;
  • карантин шараларының күшеюіне байланысты қызметі шектелген жеке кәсіпкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар өздері үшін.