Бүгін Бурабайда 5 балдық жер сілкінісі болды ма – ТЖМ түсінік берді

0
2 717

Танымал қосымша Бурабай 5 балдық жер сілкінісі болғанын хабарлады.


Бүгін Бурабайда 5 балдық жер сілкінісі болды ма – ТЖМ түсінік берді

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілерде қазақстандықтар танымал қосымшадан жер сілкінісі болғаны туралы хабарлама келгенін жарыса жазды, деп жазады sputnik.kz.

Қосымшадан келген хабарламада Бурабай кентіне жақын маңда сағат 14:00 шамасында 5 балдық жер сілкінісі болғаны көрсетілген.

Скрин приложение Еarthquake - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.02.2024


Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігі осы жайтқа қатысты түсініктеме берді.
"Сағат 13.57-де Earthquak қосымшасында Ақмола облысында Бурабай ауылының маңында болған жер сілкінісі туралы ақпарат жарияланды. Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы аталған аумақта жер сілкінісі болғанын растамайды", - делінген ведомство хабарламасында.
Еске сала кетейік, 23 қаңтар күні 00 сағат 09 минутта Алматыда жер сілкінді. Жер сілкінісі Алматыда 5 балл деңгейінде сезілген. Тұрғындар үрейленіп, үйлерін тастап, далаға шығып кеткен.